ЕРМЕК ПЕН ЕҢЛІК – АНТҚА АДАЛ МАХАББАТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ермек Абдрахимов пен Еңлік Баяхметқызы – өмір мен қызмет жолын қатар өрген, иықтарында погон, жүректерінде махаббат тербеген жұп. Олар он алты жылдан бері бір шаңырақ астында өмір кешіп, елге қызмет етіп, перзенттерін өсіріп келеді.

Ермек – полиция майоры, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы учаскелік инспектор. Жергілікті халыққа жақсы таныс. Байсалды, әділ, жауапкершілігі мол азамат. Ал Еңлік – кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны. Жұмсақ мінезді, талапшыл әрі ең тұйық жасөспірімнің де жүрегіне жол таба білетін маман. Олардың кәсібі – адамдарға қамқор болу. Ал олардың отбасы – махаббат мекені.

Олар Нұржігіт пен Нұрәлі есімді ұл, қыздары Нұрай есімді үш баланы тәрбиелеп отыр. Балаларынан – ата-ананың мінезі көрінеді: күш-қайрат, мейірімділік, адамдарға деген құрмет. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан Ермек пен Еңлік оқуға, серуендеуге, отбасылық дәстүрге уақыт табады. Олар үшін бақыт қарапайым нәрселерде: ортақ кешкі ас, шай үстінде әңгіме, балаларының жарқын күлкісі.

Олардың өмірінде тек қызметтегі тәжірибе ғана емес, бір-біріне деген сүйеніш, қолдау жылдары да бар. Олар тек көшедегі тәртіпті сақтау емес, үй ішіндегі татулықты да сақтау маңызды екенін жақсы біледі. Бұл жауапкершілікті олар абыроймен атқарып келеді.

Ғашықтар күні – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнінде» бұл әдемі жұпқа жаңа жетістіктер, зор денсаулық, баянды махаббат тілейміз. Олардың оқиғасы – жас полицейлерге қызмет пен жеке өмірді қатар алуға бола алатынын дәлелдейтін шынайы үлгі.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version