КИБЕРҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облыстық ПД Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасындағы интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті профилактикалық іс-шаралар Талғар ауданының оқу орындарында өтті.

Полицейлер мектеп және колледж оқушыларымен кездесіп, киберқылмыстың кең тараған түрлері, соның ішінде «дроппер» деп аталатын алаяқтар туралы айтып берді. Мамандар дропперлердің кім екенін, қылмыскерлер қандай алдау схемаларын қолданатынын және олардың тұзағына қалай түспеудің жолдарын түсіндірді. Оқушыларға нақты оқиғалар негізінде түсірілген бейнероликтер көрсетіліп, бұл үлкен қызығушылық пен белсенді пікір алмасуға себеп болды.

– Біздің мақсат – тек ақпарат беру емес, сонымен қатар жасөспірімдерді интернеттегі кез келген ұсынысқа сын көзбен қарауға үйрету. Әсіресе, жеңіл жолмен табыс табу туралы ұсыныстар қауіпті. Көп жағдайда жастар мұндай схемаларға келісу арқылы өздері де қылмысқа қатысы бар тұлғаға айналуы мүмкін екенін түсінбейді, – деді киберполицейлер.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп, Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында. Алдағы уақытта мұндай кездесулер облыстың барлық аудандарында өткізіліп, оқушылармен қатар ата-аналарды да қамтитын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/978282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version