Қарасай аудандық полициясында ерекше офицерлер бар – олар иық тіресе ғана емес, жүрек жарастығымен де қатар қызмет етеді. Погон таққан жарасымды жұп – Жандос Қосымбетов пен Инара Қуанышқызы – қызметте де, отбасында да, болашаққа деген армандарында да – нағыз серіктестер.
Олардың оқиғасы 2015 жылы басталды: екеуі де Қостанай қаласындағы ҚР ІІМ академиясына оқуға түсті. Төрт жылға созылған оқу барысында достық пен қолдау үлкен сезімге ұласып, 2022 жылы Жандос пен Инара отбасын құрды.
Бүгінде Жандос Қосымбетов – Қарасай аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінде жедел уәкіл, ал Инара Қуанышева – ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы. Үш жылдан бері бірге өмір сүріп, сүйікті қыздары Аялыны өсіріп келеді. Олар үшін қызмет – тек кәсіби міндет емес, ұрпаққа деген жауапкершілік жолы.
– Біз жай ғана мамандық емес, өмірлік жол таңдадық. Бұл жолмен сенімді серігіңмен бірге жүрген әлдеқайда жеңіл, – дейді Инара.
Олардың махаббаты – рухани күш, берік негіз және әріптестері үшін шабыт. Бұл хикая – қатаң погонның ар жағында да мейірім мен сенімге толы жүректер соғатынын еске салады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау