«ӨШПЕС ҮМІТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ – нің ғимаратында «Өшпес үміт – жарқын болашақ» атты форум өтті.
Форумның басты мақсаты: пробациялық есептегі азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың өмірге деген сенімін арттыру және қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында тиімді жолдарды қарастыру болды.
Форум жұмысына елімізге белгілі өнер қайраткерлері, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, әнші-композитер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, Парламент депутаты ретінде елге еңбек еткен қоғам қайраткері Сәуірбай Есжанов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және аудан жастары қатысты.
Шара барысында өмірден өткен тағылымдар мен оңалту жолындағы нақты тәжірибелер жайлы сөз қозғалды. Сәуірбай Есжанов, Тұңғышбай Жаманқұлов және Нұрлан Өнербаев жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдағы өз орнын табуға ұмтылып жүрген жандарға ақыл-кеңестерін айтты.
Жиын соңында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, өмірлік қиын жағдайлардан шыққан тұлғалардың әңгімелері тыңдалды.

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version