Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде қала тұрғындары үшін маңызды бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
1.Қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларын орнату қағидалары;
2.Ұлттық қолөнер шеберлерін қолдау және туристерді тасымалдау қызметтерінің тәртібі;
3.Қаланың сәулеттік келбеті мен дизайн-коды;
4.Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру мен демонтаждау тәртібі;
5.Көлік инфрақұрылымын басқару қағидалары;
6.Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуы;
7.Әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерлері.
Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар қала әкімінің орынбасары М.Қырықбаев, сондай-ақ қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары мен серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мұндай кездесулер Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және ашық басқару қағидаттарының нығаюына оң ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/978421?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау