ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қаласында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 12 сәуір айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік қызметінің 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қаласында достық пен кәсіби серіктестікті нығайту мақсатында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды.

Ауқымды спорттық іс-шараға Ақтөбе облыстық соты, облыстық прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.

Жарыс жоғары деңгейде, достық пен тартысқа толы жағдайда өтті. Қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің үлгісін танытты.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы барлық қарсыластарымен өткізген ойындарда үздік ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін жетіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Бұл жетістік – қызметкерлердің физикалық дайындығы мен командалық рухының айқын дәлелі.

– Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Турнир қорытындысы бойынша бірқатар ойыншылар, яғни әділет сержанты Ғасырбек Артықов “Үздік шабуылшы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік қақпашы” номинациялары бойынша да атап өтілді, – деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы әділет капитаны Ардақ Тургалиевич Юсупов.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version