Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес елді мекен тұрғындарына қауіпсіздік шараларын алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабулов Жылға ауылдық округіне арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Жиынға Сарыағаш газ шаруашылығы басшылары, салаға жауапты мамандар қатысты.
Айта кетсек, Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары толыққанды аяқталған. Мердігер «Ремстрой» тарапынан жобаға сәйкес ГРПШ-10 2 дана есептегіш құрылғымен G-4= 99 дана, ГРПШ-6 1 дана есептегіш құрылғымен G-4= 123 дана орнатылып, 18,2 шақырым ұзындықта табиғи газ құбырлары тартылған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/978344?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау