Ағымдағы жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Н.Мұқатай «Маңғыстау өнер колледжі» және Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты студенттер арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы түсіндіру.
Өз сөзінде Нұргүл Тұрлыбайқызы студенттерді парасаттылық, адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/961363?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау