№68 «Балауса» бөбекжай-бақшасының базасында «Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың мақсаты: педагогтердің зерттеу технологиясы туралы түсінігін қалыптастыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Шара барысында мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу алаңы құрылды.
Семинарға Абай ауданындағы құзыреттілік орталықтар бақшаларынан келген әдіскерлер мен тәрбиешілер қатысты. Жалпы саны 103 педагог тәжірибе алмасып, өзара тиімді идеялармен бөлісті.
Баланың зерттеушілік қабілетін дамытатын педагог – болашақтың негізін қалаушы тұлға!

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау