Келес ауданында шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Мамандар ыстыққа қарамастан, күн сайын далалық жерлерде күрделі әрі жауапты жұмыстарды атқаруда. Олар арнайы техника мен дәрі себетін құралдарды қолданып, зиянкестердің таралуының алдын алуға күш салып жатыр.
Жергілікті тұрғындар дәрі сеуіп жүрген мамандарға айран, ағарған сияқты сүт өнімдерін ұсынып, уланудың алдын алуға үлес қосуда.
Халық пен мамандардың мұндай өзара түсіністігі мен бірлігі – ауыл тіршілігінің мызғымас тірегі. Қауіпті науқанда ел болашағы үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға көрсетілген қарапайым, бірақ мағыналы қолдау – шын мәнінде үлгі етуге тұрарлық жағдай. Келестегі бұл бастама тек бір ауданның емес, барша ауыл халқына ортақ рух пен жауапкершіліктің айқын көрінісі деуге болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау