Жемқорлыққа қарсы мобильді топ Мақтаарал ауданының ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында адвокаттар, сот орындаушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардың қатысуымен 2025 жылғы 15 сәуір күні Мақтаарал ауданына қарасты Атакент және Мақтаарал ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді.
Мобильді топтың мақсаты – ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету, туындаған құқықтық мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңгерлік кеңес беру.
Мақтаарал ауданына қарасты ауылдарда өтетін орны және уақыты:
-Атакент кенті әкім әкім аппараты, 15 сәуір күні, сағат 11:30 – 12:30, Атакент кенті, Көпжасаров көшесі №30;
-Мақтаарал ауылдық округ әкім аппараты, 15 сәуір күні, сағат 12:35-13:35, Атакент кенті, Бекжанов көшесі №2.
Аталған шара аясында кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version