Өз өміріңді Отанға қызмет етіп, заң және тәртіпті сақтауға үлесіңді қосқың келе ме? Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы талапкерлерді қабылдауды жариялайды!
Мұнда нағыз офицерлер – мықты, білімді, тәртіпті азаматтар дайындалады. Академияда оқу тегін. Курсанттар нысанды киіммен қамтамасыз етіледі, шәкіртақы алады, ал оқу бітіргеннен кейін – ішкі істер органдарында жұмысқа орналасады.
Оқуға түсу үшін не керек⁉️
✅Қазақстан Республикасының азаматы болу;
✅Толық орта білімі болу (11 сынып);
✅Медициналық комиссиядан өту;
✅Дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру.
Ия, оңай емес. Бірақ, егер де мақсатың айқын болса – біз сені күтеміз!
Толығырақ ақпаратты тұрғылықты жердегі ішкі істер органдарының кадр қызметінен немесе оқу орындарының ресми парақшаларынан алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/973126?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау