«Қазақ тілі – ғылым мен білім тілі» тақырыбындағы дәрістер топтамасы бүгін ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында жалғасын тапты.
Кезекті дәрісті Тілдік дайындық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Дүйсембеков Айдос Мерекеұлы Кәсіби даярлық факультетінің 1-курс студенттеріне өткізді.
Спикер «Ғылыми стильдің басқа стильден функцияналдық айырмашылығы» тақырыбындағы дәрісінде ғылыми стильдің ерекшелігі туралы ақпаратты молынан ұсынып, қатысушылардың сұрағына жауап берді.
Дәрістер топтамасын өткізуге қолдау көрсеткені үшін академияның Тілдік дайындық кафедрасы ғалымдарына алғыс білдіреміз!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау