ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімшілігінде аумақтық деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары- Қайрат Төлепов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі- Ғабит Жасталап, аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі аудандық комиссия мүшелері және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен өткен жиынға аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы- Жұмагелді Батырниязов төрағалық етті.
Жиында 2025 жылғы су тасқыны маусымының қорытындысы және келесі маусымға жоспарлар, 2024-2025 жылдардағы қысқы және жылыту маусымдарының қорытындысы және 2025-2026 жылғы жылыту маусымына қажетті қабылданатын шаралар туралы, Табиғи өрт қауіпті кезеңіне дайындығы туралы, Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (батуттар, аттракциондар, терезеден құлау) және аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы, 2025 жылғы суға шомылу маусымында судағы адам өлімін алдын алу туралы. Коммуналдық жағажайларды ашу жөніндегі мәселелер талқыға түсті.
Қоңдыкер Жеңісұлы
“СЫРЫМ ЕЛІ”
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/973322?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау