109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІЗ?!
Күнделікті тыныс-тіршілігімізге дендеп енген цифрлық технологиялар адамзат баласының мүмкіндігін арттыра түсті. Айшылықтан хабар алғызған технология көмегімен коммуналдық, тұрмыстық мәселелерді шұғыл шешу мақсатында 109 Бірыңғай байланыс орталығы құрылған.
Өңір тұрғындарының өтініштерін 24/7 режимде қабылдайтын орталық электр энергиясы, ауыз сумен қамту, газдандыру, қатты тұрмыстық қалдықтар шығару, ветеринариялық қызметтер, санитарлық тазалық, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру бағытындағы сауалдарға кеңестер беріп, тиістілігіне қарай салаларға жолдайды.
Бүгінгі таңда 109 байланыс орталығында түскен қоңыраулар жедел желі операторлары, сарапшылар тексерісінен соң, тиістілігіне қарай платформа арқылы жолданады. Қызмет көрсетуші «Отырар-Қызмет», «Шәуілдір топтастырылған су жүйелері», «Ветеринариялық қызмет», «Отырар аудандық электр жүйелері» мекемелерінде өтініштер «Aikey-109» платформасында тіркеліп, атқарылған жұмыстардың түпкілікті шешімі СМС хабарлама арқылы жолданады.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың шілде айында іске қосылған орталыққа Отырар ауданы тұрғындарынан 2200-ден астам қоңырау түссе, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 250-ге жуық өтініш түскен.
Өңір басшысының тұрғындар өтініштеріне шұғыл ден қою тапсырмасына сәйкес 109 байланыс орталығы тікелей қоңыраудан бөлек, әлеуметтік желідегі парақшалар және телеграм бот арқылы жарияланымдар да назарға алынады. Мұнан бөлек, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын +7 701 13 13 109 ватсап номері арқылы жолдауына да мүмкіндігі бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-aktobe/press/news/details/972600?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау