2025 – жұмысшы мамандықтар жылы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды.

Бұл шешім еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын насихаттау, жастардың техникалық және кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында қабылданды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы маңызды шаралардың бірі ретінде 2025 жылғы 17 сәуірде КГКП «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» базасында «Кәсіби бастау: жұмысшы мамандықтардағы жастар» атты республикалық студенттер форумы өтті.

Форум аясында «Су шаруашылығы» атты жаңа мамандықты ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, іс-шара қорытындысы бойынша өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды, оған Қарағанды облысы «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы Бахтияр Жұматайұлы Санбаев қол қойды.

Форум бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтыды:
• әлеуметтік серіктестермен меморандумдарға қол қою;
• «Ғылым және өндіріс тарихы» кабинетін ашу;
• өндіріс өкілдері мен ғалымдардың дәрістері;
• «Ересек адамға жүз сұрақ» форматындағы интерактивті ток-шоу;
• студенттік ғылыми-зерттеу жобаларының ғылыми-техникалық көрмесі;
• «Ұлы дала металлургтері» атты ғылыми-практикалық конференция.

Форум барысында жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі, кәсіптік білім беру сапасы және жастардың техникалық салаға бет бұруы секілді өзекті мәселелер көтерілді.

Бұл – ел экономикасын дамытуға қажетті білікті жұмысшы кадрларды даярлауға бағытталған нақты әрі маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/news/details/979488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version