2025 жыл Қазақстанда-жұмысшы мамандықтар жылы.
Игіліков Маулен Қамбарұлы – өз ісінің шебері. Көптеген жылдар бойы Ақжол ауылдық округінің тұрғындарын сенімді электр жарығымен қамтамасыз етіп келеді. Кез – келген ауа – райының қолайсыздығына қарамастан өз жұмысын адал орындайды.
Электрик мамандығы тек сымдар ғана емес, жауапкершілікке толы тәжірибе және тұрақты оқыту. Адамдардың жайлылығы мен қауіпсіздігі оның жұмысына байланысты. Өзінің адалдығы мен кәсібилігі үшін ол ауылдастарының құрметіне ие.
Мұндай мамандар-ел мақтанышы және жастар үшін үлгі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-mamyraev/press/news/details/969813?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау