27-28 наурыз аралығында Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби-2025» халықаралық олимпиадасының финалы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

27-28 наурыз аралығында Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби-2025» халықаралық олимпиадасының финалы өтті. Бұл ауқымды шараға Қазақстанның, ТМД елдерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты. N1 Саумалкөл орта мектебінің оқушысы Өмірболатов Мақсат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан тарихы пәнінен өткен олимпиадаға қатысып, жүлдегері және грант иегері атанды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болды. Мақсат тәлімгері тарих пәнінің мұғалімі Ерлан Жұмабекұлы Бөкеновпен бірге жақсы дайындықтың арқасында облыстық, республикалық тарих олимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады. Құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/967876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version