“Айбын-2025″байқауының аудандық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 2025 жылдың 17 сәуірінде, «№1 Новоишим орта мектебі» базасында «Айбын-2025» әскери-патриоттық жарысының облыстық кезеңіне іріктеу мақсатында аудандық деңгейдегі сайыс сәтті ұйымдастырылып өтті.
Бұл маңызды шараға Ғабит Мүсірепов ауданының жалпы білім беретін мектептерінен әскери-спорттық бағытқа қызығушылық танытып, дайындық деңгейі жоғары оқушылар қатысты. Жарыс барысында түрлі кезеңдер бойынша білімдері мен физикалық дайындықтарын көрсеткен қатысушылар арасынан 10 ұл бала мен 5 қыз бала үздік нәтиже көрсеткен оқушылар іріктеліп облыстық кезеңге жолдама алды.
Іріктелген оқушылар енді Солтүстік Қазақстан облысының өзге аудандарының үздік командаларымен бақ сынасып, облыс деңгейінде өз білімдері мен дайындықтарын дәлелдейтін болады.
«Айбын» — бұл тек жарыс емес, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын, тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыратын үлкен алаң. Аудан намысын абыроймен қорғайтын дарынды жастарымызға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/979473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version