Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды. Аудан әкімінің орынбасары қызметіне Қайратұлы Бауыржан тағайындалды.
Қайратұлы Бауыржан 1991 жылғы 13 сәуiрде дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы мемлекеттік және жергілікті басқару. 2013 жылы – Пердью (АҚШ) университетін, 2015 жылы – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджет саясаты департаменті Бюджетаралық қатынастар басқармасы бас сарапшысы міндетін атқарушы болып бастаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаменті Бюджетаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы, “Дара жылуқуаты” ЖШС-нің экономисті, директоры қызметтерін атқарған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Стратегиялық әзірлеу және халықаралық бағдарламалар департаменті халықаралық бағдарламалар және сыртқы байланыс басқармасының бас сарапшысы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегиялық әзірлеу және халықаралық бағдаламалар департаменті халықаралық бағдарламалар және сыртқы байланыс басқармасының бас сарапшысы, бас консультанты болып еңбек етті.
“Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы” ММ басшысының орынбасары, “Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы” ММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы жаңа орынбасарға сәттілік тілеп, өзіне жүктелген бірқатар міндеттермен таныстырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген бағытта жаңа өндіріс орындарын ашып, инвестиция көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдай жасап, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласын дамытуды тапсырды.
Өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау