Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Атбасар станциясы атқыштар командасы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ филиалының қызметкерлерімен «Вакцинацияның алдын алу шарасы», «Тамақтан уланудың алдын алу», «Жүрек-қан тамырлары аурулары және олардың алдын алу» тақырыптарында семинар өткізді.
Семинар барысында теміржол көлігі қызметкерлеріне вакцинацияның маңыздылығы түсіндірілді. Вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді әдісі болып табылады, ол дененің табиғи қорғанысын күшейтіп, бірқатар инфекцияларға төзімділік қалыптастырады. Мамандар жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтау және вакцинация жүргізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, семинар аясында қатысушылар тамақтан уланудың және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу шараларымен танысты. Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар беріліп, жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/979185?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау