Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық турнир

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің тұңғыш иегері, түркістандық талантты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туылған жастар арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетті.

Биыл ерекше ұйымдастырылған бокс додасына шет мемлекеттерден Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қытай, Египед, Сауд Арабия, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан 300-ден астам кіл мықты боксшылар келіп, апта бойында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Айтулы сайыста Халықаралық бокс қауымдастығының ережесіне сай ұлдар 13 салмақта жұдырықтасса, қыздар 6 салмақ дәрежесінде рингке көтерілді.

Тартысқа толы өткен жарыста 51 келінің алтынын Таңатаров Досымжан мен Төлен Бақдәулет сарапқ салған болатын. Нәтижесінде Таңатаров Досымжан чемпиона атанды. Сонымен қатар, 71 келіде Лесбай Шамсат қола еншіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/972157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version