Біржан сал аудандық прокуратурасында «Жас Ұрпақ» жастар қозғалысының мүшелері – Степняк қаласының Абай атындағы № 2 мектептің 11-сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара Біржан сал ауданында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыруға бағытталған.
Болашақ мектеп түлектері аудандық прокуратураның жұмысымен, прокурорлардың жұмыс орындарымен және қадағалау мекемесінің қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен танысты.
Кездесу барысында аудан прокуроры А.Қ. Құлышев оқушыларды қарсы алып, олардың назарын прокуратура органдарының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және сақтау жөніндегі жұмысының басымдылығына аударды.
Профилактика аясында оқушыларға Республика заңнамасын қатаң сақтау қажеттігі, кәмелетке толмағандар арасында есірткі қылмыстары мен басқа да құқық бұзушылықтарды, білім беру мекемелерінде «буллинг» фактілерін болдырмау және тағы басқалар бойынша алдын алу шаралары жөнінде түсіндірілді.
Сондай-ақ, мектеп оқушыларына жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясында арнайы дайындықтан өту арқылы прокурорлар қатарына қосылу ұсынылды.
Кездесу аяғында аудан прокурорымен естелік фото жасалып, оқушыларға аудан прокурорының жұмыс орнында фотоға түсу арқылы «өзін аудан прокуроры ретінде сезіну» құқығы берілді.
Біржан сал ауданының прокуратурасы жастар және «Жас Ұрпақ» қозғалысының мүшелері арасында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау бойынша ұқсас шараларды жалғастырады.
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/979977?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау