-Жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өңірде 19 сәуір мен19 мамыр аралығында “Қауіпсіз жол”республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Екі күн ішінде Павлодар полицейлері жол қауіпсіздігі саласында 451 бұзушылықтың жолын кесті, оның 18-і мас күйінде жүргізгені үшін.
Мысалы, Павлодар қаласында Естай көшесінде Renault Logan маркалы автокөлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі медициналық куәландыруға сәйкес мас күйінде болған.
Ақсу қаласында Набережная көшесінде “Mitsubishi Galant” автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Медициналық куәландыруды жүргізу кезінде жүргізушінің есірткіге мас күйінде екендігі анықталды.
– Өрескел бұзушылықтар үшін жүргізушілер жауапқа тартылып, материалдар сотқа жіберілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды-деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
-Сонымен қатар, 116 жаяу жүргінші жол жүру ережелерін бұзды, 83-і қауіпсіздік белдігін тақпады, 25 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеді, 13-і бағдаршамның тыйым салу сигналына өтті, 11-і техникалық тексеруден өтпеді. Түрлі құқық бұзушылықтар үшін мамандандырылған айып тұрағына 29 автокөлік қойылды, 8 мемлекеттік нөмір тәркіленді – деп атап өтті ведомствода.
– Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары жыл сайын күшейіп келеді, алайда жолдарда әлі де немқұрайлылық танытып, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін жауапкершілікті сезінбейтін азаматтар санаты бар. Бұл абайсыздық кейде қайғылы нәтижемен аяқталады.
Павлодар облысының Полиция департаменті кезекті рет жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолдардағы ең кішкентай болса да құқық бұзушылықтарға төзбеуге және оларға жол бермеуге шақырады. Бір – бірімізге құрметпен қарау біздің қауіпсіздігіміздің кепілі бола алады-деп атап өтті полиция.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/980218?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау