Меркі ауданында әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 3 сәуір күні облыс әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Е.Ақбай мен облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Б.Тілеухан Меркі ауданындағы әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшелерімен өткен кездесуге қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбектің төрағалығымен өткен жиында әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшелерімен Меркі ауданында пайдаланылатын үй-жайларға қатысты мәселелер талқыланды.

Тараптар әңгіме барысында елде этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлудің мән-маңызына тоқталып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-din/press/news/details/970938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version