Өскеменде ер адам өзге азаматтың атына заңсыз түрде жеті шағын несие рәсімдеген

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  Өскеменде ер адам өзге азаматтың атына заңсыз түрде жеті шағын несие рәсімдеген

ШҚО облыс орталығының тұрғыны танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтардың құрбаны болған. Белгісіз біреу оның жеке деректерін, нақтырақ айтқанда растау кодын пайдаланып, оның атына жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам 7 несие рәсімдеген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды бір реттік кодтарды, құпия сөздер мен жеке деректерді бөгде адамдарға берудің қауіпті екенін ескертеді. Алаяқтар несие рәсімдеу сынды түрлі тәсілдерді қолдана отырып, азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз әрекеттер жасайды.

Өзіңізді қылмыстық әрекеттерден қорғау үшін жеке мәліметтеріңізді құпия сақтап, ешкімге жібермеңіз, әсіресе мессенджер арқылы келген күмәнді хабарламаларды мұқият тексеріңіз. Алаяқтық белгілерін байқаған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарласыңыз.

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/979604?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version