Бүгін Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен «Отбасының цифрлық картасын» өзектендіру бойынша кеңес өтті. Жиынға тиісті сала басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және ауыл әкімдігі мамандары қатысты.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген отбасының цифрлық картасы арқылы 19 млн қазақстандықтың мәліметі жинақталған. Шорнақ ауылдық округі бойынша 817 отбасы Д, Е санатына жатқызылған, жыл соңына дейін 688 отбасын қамту қажет, 129 отбасы өзектендірілуі тиіс.
Жиында цифрлық картадағы деректерді жаңарту, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жүйеге енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тіркелмеген азаматтарды анықтау және NEET санатындағы жастардың тізімін өзектендіру мәселелері қаралды.
Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев жауапты сала өкілдеріне ақпараттық жүйедегі деректерді өзектендіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/967088?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау