Шымкент қаласы білім басқармасы Психологиялық қолдау орталығының білікті маманы, психолог Баян Махмудқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған маңызды жоба аясында арнайы семинар -тренингтен сәтті өтті.
Аталған курс – «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты мен ЮНИСЕФ балалар қорының бірлескен бастамасы болып табылады. Оқу бағдарламасы «Баланың жан-жарақатына негізделген тәсіл» тақырыбында өтті және үш күнге созылды.
Курстың мақсаты – балалармен жұмыс істеуде эмоционалдық жарақаттар мен психологиялық қиындықтарды ескеріп, оларға қолдау көрсету тәсілдерін меңгеру. Бұл оқуға еліміздің бірнеше өңірінен, атап айтқанда, Алматы, Жетісу, Шымкент қалаларынан және Алматы облысынан арнайы шақырылған тәжірибелі мамандар қатысты.
Тәжірибе алмасу барысында қатысушылар психологиялық қолдаудың заманауи әдістерін талқылап, халықаралық стандарттарға негізделген тәжірибелермен танысты.
Баян Махмудқызы курс аясында алған білімін кәсіби қызметінде тиімді пайдаланып, балалардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа, жан-жақты тәсілдерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл оқыту бағдарламасы психолог мамандардың кәсіби дамуына тың серпін беріп, балаға бағытталған қолдау жүйесін жетілдіруге зор үлес қосатыны сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/971327?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау