Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының жеке қабылдауына жыл басынан бері 86 азамат жазылған. Шаһар басшысы 3 рет жеке қабылдауда 32 азаматты қабылдады. Нәтижесінде осы азаматтардың сұрақтары бойынша 25 тапсырма беріліп, оның 11-і орындалды, қалған 14 тапсырма қаралу үстінде.
Тағы 30-дан астам азаматтың мәселесі қабылдауға дейінгі түсіндіру нәтижесінде заң аясында шешімін тапты.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшылары жыл басынан бері 28 жеке қабылдау өткізіп, 126 азамат қабылдады. Мысалы, қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлының қабылдауына 8 қала тұрғыны қатысты. Олардың барлығы баспана мәселесін көтерген. Азаматтарға мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Жалпы, қала тұрғындарының мәселелерін шешу бойынша заң аясында тапсырмалар беріліп, орындалуы қамтамасыз етілуде.
Айта кетейік, қала әкімі әр айдың екінші сәрсенбісінде азаматтарды жеке қабылдайды, ал әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы аптасына бір рет қабылдау жүргізеді.
Бекітілген кесте бойынша қабылдауға жазылу үшін азаматтар Е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына (фронт-офиске) келіп, тіркеле алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/966854?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау