Скопье, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопье Мэрі Данела Арсовскамен кездесті.
Кездесу барысында Елші қала басшысын Қазақстанның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен және Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.
Қазақстан Елшісі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жолға қоюға, сондай-ақ Скопье мен Астана арасында бауырластық байланыстар орнатуға дайын екенін білдірді.
С.Бұршақов жергілікті әкімшіліктің елорданың тұрақты дамуын ілгерілетуге қосқан үлесінің және шетелдік әріптестермен жан-жақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Д.Арсовска Қазақстан Елшілігінің Скопьедегі ашылуын құптап, бұл оқиға екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадам болатынын, сондай-ақ астаналық және өңірлік деңгейіндегі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.
Мэрия басшысы муниципалитеттің қызметі, оның алдағы жоспарлары туралы айтып, Скопьеде Қазақстанның мәдени күндерін өткізу туралы бастама көтерді.
Кездесу соңында халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара бастамаларды қолдауға баса назар аудара отырып, практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/979493?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау