САРЫАҒАШ: БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ  ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданда орналасқан бірқатар мектептерге арнайы барып, жұмыстарының барысымен танысты.

 

Алдымен, Сарыағаш қаласында орналасқан «Smart hub» жасанды интеллект мектебінің  жұмыс барысын бақылады. Келесі кезекте,  №27 Шәкәрім, №67 Т.Тәжібаев, №33 Б.Момышұлы  атындағы  жалпы орта мектептерінің, оған қоса, №47 Көбеев атындағы бастауыш мектебінің  асхана блогының жұмыстарының жай-күйін саралап,сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 

Сонымен қатар, аудан әкімі №47 Көбеев атындағы бастауыш мектебінің жанынан жеке кәсіпкер есебінен  200 орындық білім беру ұйымының құрылысы жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкіліне мерзімінде аяқтап, халық игілігіне тапсыруды жүктеді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/980677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version