САРЫАҒАШ: ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТҚА КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында өткен сайлау нәтижесінде Сарыағаш аудандық мәслихатынан  шығып қалған депутаттың  орнына жаңа депутат  Нұрболат  Арапбаев сайланды. Осы ретте,  аудан активіне жаңадан сайланған депутатты ресми түрде таныстырылып, Сарыағаш аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы   Тоқтамұрат Балабаев салтанатты түрде куәлік және төсбелгі табыстады.

 

Жиында аудан әкімі Арман Абдуллаев жаңадан сайланған халық қалаулысына  сәттілік тіледі. Алдағы уақытта  ынтымақтаса отырып, ел игілігі үшін тынымсыз қоян-қолтық жұмыс істеуіне сенім білдіріп, ауданымыздың дамып, өркендеуіне аянбай қызмет етуге шақырды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/972229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version