Түркістан өңірінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар нәтижесін беруде. «Аграрлық несиекорпорациясы» АҚ және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру жалғасып жатыр.
«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы өтінімдерді қабылдауда.
Жылдық мөлшерлемесі – 5%. Жеңілдікпен өтеу шарттары қарастырылған.
Қаржыландыру дәнді, майлы, бақша дақылдары және техникалық қолдауға бөлінеді.
Негізгі шарттары:
• Кепіл ретінде жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің болуы;
• Кредит бойынша негізгі борыш пен пайыздарды кестеге
сәйкес өтеу;
• Мерзімінен бұрын өтеу – айыппұл санкцияларын есептемей-ақ кез келген уақытта толық немесе ішінара өтеуге жол беріледі.
Кімдер қатыса алады?
•Заңды және жеке тұлғалар;
•Жеке кәсіпкерлер;
•Шаруа қожалықтары;
Қаржыландыру екі нысанда жүзеге асады:
• несие желісі;
• біржолғы қарыз;
Қосымша ақпарат үшін:
Түркістан қаласы | Тәуке хан даңғылы | № 321 ғимарат
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау