Екібастұз қаласының әкімі М. Жүсіп көшесі, 42 Б мекенжайындағы үй тұрғындарымен кездесті. Бұған дейін тұрғындар әлеуметтік желі арқылы ауланы абаттандыру туралы өтінішпен жүгінген болатын. Ағымдағы жылға осы үйдің аула аумағын асфальттау жұмыстары жоспарланған.
«Соңғы 2 жылда 150-ден астам аула абаттандырылып, асфальт төсеу, ойын алаңдарын орнату, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыруға қарай біз бұл жұмысты кезең-кезеңмен жалғастыратын боламыз», – деп атап өтті Аян Бейсекин.
Сондай-ақ, тұрғындар ағаштарды кесу, жасанды жол кедергілерін орнату туралы өтініш білдірді. Қала әкімі қызметтерге тиісті тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/press/news/details/980541?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау