Сіздерді Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кітап — адамзат баласының сан ғасырлық ой-санасы мен рухани байлығын сақтап келе жатқан асыл мұра. Әсіресе, қазақ әдебиеті — халқымыздың тарихын, тілі мен ділін, рухани дүниесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген теңдесі жоқ құндылық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың:
«Кітап — адамзат ақыл-ойының қазынасы. Оқу арқылы ұлт сапасын арттырып, кемел келешекке жол ашамыз» — деген сөзі білім мен кітаптың маңызын айқын көрсетеді.
Ұлтымыздың ұлы қаламгерлері — Абай, Мұхтар, Жүсіпбек, Бейімбет, Ғабит сынды тұлғалардың мұрасы — біздің рухани темірқазықтарымыз. Олардың шығармалары жастарды тәрбиелеудің, елдік сананы қалыптастырудың қайнар көзі.
Ұлттық кітап күні әрқайсысымызды рухани байлыққа, терең білімге және төл әдебиетімізге бет бұруға үндесін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/982301?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау