Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында кездесу өтті. Іс-шара жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, әділеттілік пен парасаттылық құндылықтарын түсіндіру, сондай-ақ заңға құрметпен қарауды насихаттау мақсатында өтті.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі А.Ажибаев қатысып, заңның қоғамдағы орны, құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершіліктің маңызы туралы терең ақпарат беріп, нақты өмірлік мысалдар арқылы заң бұзушылықтың салдары қандай болатынын түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруда, азаматтық жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/982285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version