“Абай оқулары” байқауының аудандық кезеңі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 23 сәуір күні “Тоғас батыр атындағы орта мектебі” КММ-нің базасында республикалық “Абай оқулары” байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауымыз төрт бағыт бойынша өткізілді. “Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша “Ю.Гагарин атындағы орта мектебі” КММ-нің 7-сынып оқушысы Ержанқызы Ақжарқын 3 орын, “Өкпеті орта мектебі” КММ-нің 6-сынып оқушысы Жұмашова Нұрай 3 орын, “К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі” КММ-нің 8-сынып оқушысы Өмірбек Әбілмансұр 3 орын, “Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені” КММ-нің 8-сынып оқушысы Серікбекова Еркеназ 2 орын, “Қожагелді батыр атындағы орта мектебі” КММ-нің 8-сынып оқушысы Асқарова Айару 2 орын, “Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі” КММ-нің 9-сынып оқушысы Қоңырбекова Еркеназ 1 орын алды. “Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша “Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі” КММ-нің 7-сынып оқушысы Әлімхан Наз 2 орын, “Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені” КММ-нің 10-сынып оқушысы Елубаева Еркежан 1 орын иеленді. “Әнді сүйсең, менше сүй” номинациясы бойынша “Тана мырза атындағы орта мектебі” КММ-нің 10-сынып оқушысы Болатбекова Аделья 3 орын, “Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі” КММ-нің 7-сынып оқушысы Мейірғалиева Айдана 3 орын, “К.Нұрбаев атындағы орта мектебі” КММ-нің 8-сынып оқушысы Болатхан Еркежан 2 орын, “Қожагелді батыр атындағы орта мектебі” КММ-нің 6-сынып оқушысы Сайлауғазы Мөлдір 2 орын, “Тоғас батыр атындағы орта мектебі” КММ-нің 7-сынып оқушысы Тұрсынғазы Сезім 2 орын, “Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі” КММ-нің 9-сынып оқушысы Сағадиева Эльмира 1 орын алды. “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” номинациясы бойынша “Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі” КММ-нің 7-сынып оқушысы Аман Дидар 3 орын, “Ы.Кабеков атындағы орта мектебі” КММ-нің 8-сынып оқушысы Ержан Батыр 3 орын, “Тоғас батыр атындағы орта мектебі” КММ-нің 8-сынып оқушысы Бейсенбеков Диас 2 орын, “Қожагелді батыр атындағы орта мектебі” КММ-нің 8-сынып оқушысы Мұрат Саян 2 орын, “Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі” КММ-нің 9-сынып оқушысы Қасенбай Ілияс 1 орын алды. Облыстық кезеңге 1 орын алып, жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/982683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version