Ақмола облысының 2025 жылғы WorldSkills өңірлік чемпионаты: Студенттердің кәсіптік шеберлік байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 8 сәуірінен бастап Ақмола облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында WorldSkills өңірлік чемпионаты өтіп, оған 11 колледждердің алаңдарында 400-ден астам студент қатысып, 62 құзырет бойынша өз кәсіптік дағдыларын көрсетті.

Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байқадамқызының, «Talap» КЕАҚ вице призендті Байдженов Ерлан Орақбайұлының және колледждердің әлеуметтік серіктестерінің қатысуымен Ақмола облысының 2025 жылғы WorldSkills өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды: 1 орын-50000 теңге, 2 орын – 35000 теңге, 3 орын-25000 теңге.

Бірінші орынға ие болған қатысушылар Ақмола облысы командасының құрамында WorldSkills Kazakhstan 2025 Ұлттық чемпионатына қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/982273?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version