Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Ордабасы аудандық №1 Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ Бадам ауылындағы спорт кешенінде орналасқан.
Бүгін ауданы әкімінің орынбасары И.Тұрнияз спорт мектебіне жұмыс сапарымен барып, мекеме жұмысымен танысты.Қазіргі уақытта мұнда 6 әкімшілік қызметкер, 10 кіші қызметкер және 42 жаттықтырушы (20 штаттық, 22 штаттан тыс) жұмыс істейді.
873 жасөспірім спорттың 8 түрімен айналысады: бокс, волейбол, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, джиу-джитсу, қол күрес және белбеу күресі. Спортшылардың 10-ы – спорт шеберіне үміткер, 157-сі – бірінші разряд иегері. Жаттығу жұмыстары ауданның 10 ауыл округін қамтиды.
Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қабылдау-өткізу актісі дайындалу үстінде. Құжаттарды толық рәсімдеу мамыр айының соңына дейін жоспарланып отыр.
Сапар барысында аудан әкімінің орынбасары И.Тұрнияз спорт саласының даму бағыттарына қатысты ауыл жастарын спортқа баулып, бұқаралық спортты дамытуға нақты әрі қадамдық тапсырмалар берілді.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/982422?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау