Челлендж – “Мен донормын! Ал сен ше?”
2025 жылдың 22 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлері маңызды да ізгі іске – қан донорлығы бойынша челленджге қатысты.
Әрбір тамшы қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қатысу оңай, ал нәтижесі – баға жетпес!
«Ешкім ертең өзіне немесе жақындарына донор қаны қажет болмайтынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан барлығымыз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек», – деп атап өтті біздің донорлар.
Акцияға қатысқан барлық жандарға жанашырлығы мен ізгілігі үшін зор алғыс айтамыз!
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982495?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау