Аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиында негізгі мәселелер ретінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, аудан халқын ауыз сумен қамту жайы талқыланды.
Аудан әкімі тиісті бөлімдерге осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді және биылғы жылы аудан халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» шеңберінде тазалық жұмыстары, көгалдандыру, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары белсенді түрде жалғастырылуы тиіс екенін атап өтті. Жүргізіліп жатқан жұмыстар міндетті түрде әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануы қажет.
Жиында сондай-ақ аудан аумағындағы жолдардың жағдайы, олардың күтімі мен жол белгілерінің болуы мәселелері қаралды. Аудан әкімі барлық елді мекендерде жол белгілерін ретке келтіріп, олардың толық тексерісін жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, аудан басшысы елді мекендерді абаттандыру және тұрғындарды кез келген өзгерістер мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы уақытылы хабардар ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізу, міндетті түрде кері байланыс орнату жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/980965?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау