Облыстық білім басқармасынан келген ережеге сай, «Мен зерттеушімін» танымдық-зерттеушілік республикалық байқауының аудандық кезеңі 2025 жылдың 7 сәуір күні Ақсуат ауданының білім бөлімінің конференция залында өтті. 13 мекемеден тәрбиеленушілер аудандық кезеңге қатысып, нәтижесінде “Бас жүлде” иеленген “Еркеназ” бөбекжайының тәрбиеленушісі Жеңіс Айкөркем, І орын иеленген М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің даярлық тобының тәрбиеленушісі Дүйсенғазы Асылым, І орын иеленген “Асыл” бөбекжайының тәрбиеленушілері Толеухан Мансұр, Нұрланғазы Бексұлтан, Кәдірбек Медина, Көшкінбай Аяжан иеленіп, облыстық кезеңге жұмыстары ұсынылды. Қалған қатысушыларымыз білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, номинацияларымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/982004?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау