Молшылық мерекесіне 35 тоннаға жуық өнім әкелінді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Арал қаласындағы «Арзан маркет» сауда үйі маңында  тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей халыққа жеткізу әрі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Молшылық мерекесіне ауданға қарасты ауылдық округтерден жергілікті шаруалар өз тауарларын әкелді.

Айта кетейік, жәрмеңкеге барлығы 35 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарық бағасынан 15-20 пайызға арзандатылып, жергілікті халыққа ұсынылды.

Оның ішінде 1,2 тонна ет өнімдері, 80 литр шұбат, 3 тонна мұздатылған, 10 дана ысталған балық өнімдері, 30 тонна көкөніс, ұн және азық-түлік өнімдері аудан тұрғындарына ұсынылды.

Жиналған халық жәрмеңкеге шығарылған ауылшаруашылығы өнімдерін ұсынған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізіп, осындай шаралардың әрдайым жалғасын табуына тілектестік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/981418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version