Өскемен қаласында видеоаналитика көмегімен полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  Өскемен қаласында видеоаналитика көмегімен полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді тапты

Шығыс Қазақстан облысының орталығы — Өскемен қаласында полиция қызметкерлері видеоаналитика жүйесінің көмегімен ата-анасының хабарынсыз ауылдық жерден қалаға келген 17 жастағы жасөспірімнің жүрген жерін анықтады. Ұлдарының жоғалуына алаңдаған ата-анасы полицияға жүгінген.

Іздеу жұмыстары барысында қалалық бейнебақылау жүйесіне жасөспірімнің фотосуреті жүктелді. Нәтижесінде видеоаналитика оның қозғалысын тіркеп, проспект бойындағы камералардың бірі жасөспірімнің нақты жүрген орнын анықтауға мүмкіндік берді. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы ата-анасына тапсырды.

Бейнебақылау жүйесіндегі бет-әлпетті тану, қозғалысты қадағалау және көлік ағынын талдау функциялары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысты «ізін суытпай» ашуда тиімді құрал екенін дәлелдеді.

Өскемен қаласында аталған бейнебақылау жүйесін дамыту жалғасуда. Облыс орталығындағы қоғамдық орындарға видеоаналитика функциясы бар 300 камера орнату жоспарлануда. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, өңірде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға септігін тигізеді.

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/981415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version