2025 жылдың 23 сәуірінде Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Корабаев қызметкерлермен «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеу такырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында қызметкерлерге ақпараттық бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қарай, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсатта пайдалану бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/982139?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау