Қарағанды облысы бойынша ЭТТД «Дабыл» жарияланды
2025 жылдың 19 наурызында сағат 06:00-де Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жеке құрамына «Дабыл» сигналы бойынша оқу-жаттығу жиыны жарияланды.
Жоспарлы іс-шара шеңберінде нысанды киім-кешектің, бекітілген тізбеге сәйкес «Дабыл чемоданының» құрамының, қызметтік куәліктердің, мөр басатын құрылғылардың және 3 АЕК мөлшерінде ақшалай қаражаттың болуын тексеру жүргізілді.
Кейіннен орналасқан жері бойынша Департаменттің жеке құрамын орналастыра отырып, «Қамал»
арнайы жедел жоспары енгізілді. Әрекет алгоритмі пысықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-karaganda/press/news/details/982127?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау