Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасы сіздерді 23 сәуір – Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтайды!
Кітап – тек рухани байлықтың ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік ойлау мен инновациялық идеялардың да қайнар көзі. Білім мен тәжірибені жинақтауға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға кітаптың рөлі зор. Әрбір оқылған кітап – жаңа бастаманың, табысты жобаның негізі бола алады.
Бұл мерекелік күнде сіздерге үздіксіз даму, шабыт пен кітаптан алынған білімді нақты іске айналдыруда сәттілік тілейміз! Оқуға деген сүйіспеншілік пен ізденіс жолы сізді биік жетістіктерге жетелесін!
🖋️Құрметпен, Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/981946?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау