Ресейлік қонақтар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Алтай өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары – губернатор әкімшілігінің басшысы Виталий Снесарь Өскемендегі «Жеңіс» мемориалдық кешенінде орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Делегация Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы концерттік бағдарламамен өңірге келді.

– Әріптестерімізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – ортақ жеңіс. Біз ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек және оны жас ұрпаққа жеткізе білуіміз қажет. Аймақта мерейтойға орай түрлі іс-шаралар жоспарланған. Бүгінгі шара – солардың бастауы, – деді Ербол Нұрғалиев.
Оның айтуынша, алдағы күзде ШҚО мәдени ұйымдары Ресей Федерациясына барып, өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл – мәдени байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/981105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version