Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын және «Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының» ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, салаға жауапты басшыларға жұмыс қарқынын күшейтуді, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Оған қоса, құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануды ескертті.
Қазіргі таңда, «Жеңіс» саябағына кіріеберіс аумақтағы арканы жаңарту, түңгі жарықшамдарын ауыстыру , ескерткіштер мен монументтерді ретке келтіру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер “Шамар Group” ЖШС-і. Бүгінде, инженерлік желілерді тарту, ғимараттың сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/982427?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау