“Ю.Гагарин атындағы орта мектебі,, КММ Кәсіптік бағдар беру іс-шаралар жоспарына сәйкес 7-сәуір күні 9-11 сынып оқушылары және мектептің кәсіби бағдар беруші педагогы А.Абдильбаевтың қатысуымен Семей жоғары көп салалы колледжінің оқытушысы Уақас Ернур оқушыларымен кездесіп, оқуға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледждің мамандықтары бойынша толық мағыналы мағұлматтар беріп, оқу гранттарының ерекшеліктері жөнінде түсінік берді Колледжді бітірген жағдайда, ары қарай қысқартылған бағдарламамен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білімді жалғастыру мүмкіндіктері жөнінде айтылды. Оқушылар өздерінің сұрақтарына толық жауап алды. Кездесу өз деңгейінде өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/982596?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау